«Ереуіл атқа ер салмай» тарихи сағаты

08.08.2019 00:00 Администратор
Печать

     8 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Махамбет Өтемісұлының туғанына 215 жылдығына арнап «Ереуіл атқа ер салмай» атты тарихи сағат өтті.

       Шараның мақсаты: Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасын, батырлығын жастарға үлгі ету, Ақын поэзиясының мазмұны мен мәнін ұғындыру, ондағы азаматтық, отаншылдық рухын сезіндіру.
     Махамбет Өтемісұлы — қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында, ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған батыр, ақын.
     Шара барысында Махамбет туралы бейнежазба көрсетіліп, ақынның «Мен-мен едім, медім», «Қызғыш құс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Атадан туған аруақты ер» тағыда басқа өлеңдері оқылды. «Өр рухты дауылпаз ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге махамбет туралы әдістемелік құралдар баспасөз басылымдары, ол туралы кітаптар қойылды.