«Вместе против коррупции» атты тәрбие сағаты

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 17 шілдесі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Вместе против коррупции» атты тәрбие сағатын өткізді.

      Мақсаты: сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұмат беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды да, лексикалық қорымызға «сыбайлас жемқорлық» (коррупция) деген сөз тіркесі енді.
      Шара барысында кітапханашы Шынар Кошанова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заң талабын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қоғам болып белсенділік таныту керектігін түсіндірді. Жастар жемқорлыққа байланысты өз көзқарастарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар шарада «Жемқорлық - ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасады. Көрмеге сыбайлас жемқорлыққа байланысты парақшалар, қазақ және орыс тіліндегі кітаптар қойылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.