«Әбіш Кекілбайұлы – қаламгер, қайраткер, саясаткер» атты әдеби сабақ

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 16 шілде күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қалалық мәдениет үйінің жанындағы саябақта «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында «Әбіш Кекілбайұлы – қаламгер, қайраткер, саясаткер» атты әдеби кеш өткізді.

Мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, насихаттау. Жастарды туған жерге, ел тарихына, әдебиетке деген сүйiспеншiлiктерін арттыру.
Шара барысында кітапхана қызметкері Шырайлым Құдасова қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттап, Әбіш Кекілбаевтың «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында оқу үшін таңдап алынған «Аңыздың ақыры» шығармасы туралы мағұлмат берді. 1978 жылы қаламгердің «Аңыздың ақыры» романы алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарық көрді. Роман адамның психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте қаларлықтай берілген «Қызыл алма», «Мұнара», «Махаббат», «Аңыздың ақыры» атты төрт бөлімнен тұрады. Шараға жиналған қауым Әбіш Кекілбаевтың шығармасы бойынша образдарды талдай отырып, шығарманың кейіпкерлерінің психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте қаларлықтай берілгеніне тоқталып өтті. Жазушының шығармасы туралы өз ойларымен бөлісті. Оқырмандарға, жастарға Әбіш Кекілбаевтың кітаптарын оқып шығуға кеңес берді.
Іс-шара барысында «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жасақталған кітап көрмесіне жазушының шығармалары және олар туралы жазылған кітаптар, баспасөз мақалалары қойылып, библиографиялық шолу жасалды.