«Біз бақытты ұрпақпыз» атты танымдық сағат

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 12 шілдесі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №34 мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің балаларына «Біз бақытты ұрпақпыз» атты танымдық сағатын өткізді.

     Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру. Жасөспірімдерді туған еліне, мекеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, Отанының нағыз патриоты болуына тәрбиелеу.
     Шара барысында балалар батырлар туралы ертегі тыңдап, жұмбақтар шешіп, туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып және викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар балалар оқыған кітаптары туралы әңгімелеп, өлеңдер оқыды. Бүлдіршіндер назарына «Керемет кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге балаларға арналған түрлі-түсті ертегілер, шытырман оқиғаларға толы әдебиеттер қойылып, библиографиялық шолу жүргізді.