«Өмірді өнерімен өрнектеген» атты кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 11 шілдесі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында композитор, КСРО халық әртісі Е.Рахмадиевтің шығармашылығына арналған «Өмірді өнерімен өрнектеген» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

      Мақсаты: Е.Рахмадиев жайлы әңгімелеу, композитордың шығармаларымен таныстыру.
Шара барысында кітапхана қызметкері Нұрсұлтан Әбжан Еркеғали Рахмадиевтің музыка өнерінің біраз жанрларында еңбек еткендігі жөнінде, әсіресе ұлттық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосқаны туралы ақпарат берді. Сонымен қатар өнер майталманы Еркеғали Рахмадиевтің шығармаларын тыңдады.
     «Жарқын талант – Еркеғали Рахмадиев» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеде Е.Рахмадиевтің «Время и музыка», Л.В.Измайлованың «Еркегали Рахмадиев» кітаптары, «Қазақстан композиторлары» анықтамалығы, Х-М Қыдырбаев «Қазақ музыка әдебиеті» сияқты оқулықтар мен баспасөз басылымдары ұсынылған. Кітапхана қызметкері Шынар Кошанова библиографиялық шолу жүргізді. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға кітапхана оқырмандары мен жасөспірімдер қатысты.