«Қазақ киносының анасы – Әмина Өмірзақова» танымдық сағаты

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 9 шілде күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ киносының анасы – Әмина Өмірзақова» атты танымдық сағатын өткізді.

      Мақсаты: Халық әртісі Әмина Өмірзақованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
      Әмина Өмірзақова қазақ театр сахнасында 68 жыл бойы қызмет еткен. Ол сол уақыт ішінде 150-дей рөлдерді сомдады. Әмина Өмірзақованың кино саласына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Ол түскен 20 шақты кинофильм қазақ жұртына кеңінен таныс.
      Танымдық сағатта кітапханашы Радна Кенжебаева Әмина Ерқожақызының өнермен өрілген өмірін әңгімелеп берді, шараға қатысушылар «Тақиялы періште», «Әмина» автобиографиялық деректі фильмдерінен үзінді тамашалады. Шара барысында «Қазақ киносының анасы» кітап көрмесі таныстырылды. Шараға кітапханашылар, оқырман қауым қатысты.