«Еріктілер ел еңсесін көтереді» атты танымдық кеш

E-mail Печать PDF

     2020 жылдың 12 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Волонтер 2020 Ақтөбе» еріктілер ұйымымен бірлесе «Еріктілер жылына» орай «Еріктілер ел еңсесін көтереді» атты танымдық кеш өткізді.

    Мақсаты: Жастарды әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге және өздерінің жомарттығымен қайырымдылық шараларына үлес қосып жүрген еріктілердің жасаған жұмыстарымен таныстыру, жас еріктілердің талпынысын арттырып, көшбасшылық, еріктілік, қайырымдылық сынды тақырыптарда білімін шыңдау.
Шара барысында еріктілердің ұсыныстары тыңдалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды, мақсат-міндеттерді және жоспары туралы айтылды. Сонымен қатар шара аясында жастар викториналық сұрақтарға жарыса жауап беріп, өз білім деңгейлерін көрсете білді.
Кеш барысында студенттер ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін тамылжыта шырқап, Абай өлеңдері мен қара сөздерін ерекше шабытпен мәнерлеп оқыды.
Шара барысында «Еріктілер - ізгілік жаршысы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд, бейнебаян көрсетілді. Шараға «Волонтер 2020 Ақтөбе» еріктілер тобы, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, кітапханашылар қатысты.